Жаңа жұлдыз
Жаңа жұлдыз

Яхуди ғалымдары арасында кең тараған түсінік бойынша, ақырзаман пайғамбарының дүниеге келетін уақыты жақындаған болатын және осыған белгі беретін жұлдыздың да туатын кезі келген. Онсыз да ұзақ  уақыттан бері көк жүзінде дәл бір от шашу басталғандай, жұлдыздар ағып, аспанда әрдайым доғалар сызып жататын. бұрын дәл бұлайша жұлдыздардың ағуы байқалмайтын, сол түннен кейін де болған емес. Сол күнге дейін Хижазда кең тарап кеткен көріпкелдік бұдан кейін уахимен шатастырылмауы үшін дәурені бітіп, көріпкелдерге келетін хабарлар да тоқтатылды.

Меккеде бір яхуди саудагер бар еді. Пайғамбарымыз (с.а.у) дүниеге келген күні сол яхуди құрайышқа жар салып:

-Уа, құрайыш қауымы! Бүгін  түнде бір бала дүниеге келді ме? деп сұрады. Бұдан әлі ешкімнің хабары жоқ болатын.

-Уаллахи, білмейміз, деді құрайыштықтар. Сосын әлгі кісі әуелі тәкбір айтып, сосын оларға былай деді:

-Жақсылап қараңдар, менің айтқанымды есте сақтаңдар. Осы түні үмбеттің соңғы нәбиі Ахмет дүниеге келеді. Егер мұнда жоқ болса, онла ол Палестинада. Екі жауырыын сүйегінің арасында бетін түк басқан қарақошқыл түсті келген пайғамбарлық мөрі болады.

Меккеліктер бұл кісінің айтқандарына танырқап, бір біріне қарасыд, бірақ олар мұндай баланың туғаны тураыл ештеңе білмейтін. Жиын лезде тарап кетеді, бірақ барлығы сол түні Әбдімүттәліп немересінің дүниеге келгенін және оның атын "Мұхаммед" деп қойғанын естиді. Одан да қызығы, яхуди ғалымның айтқанындай, бұл баланың екі жауырынының арасында айтылған мөрдің барекенін де естіп біледі. Осы жағдайды сұрап бір кісі сол яхуди ғалымға қайта барады. 

-Сен біздің арамызда бір баланың дүниеге келетіні туралы айтып едің, есіңде ме, сол бала біздің елде екен. 

Мұны естіген яхуди қатты толқып, тез арада балаға апаруын сұрайды. Хазіреті Әминаның қасына барып, кішкентай Мұхаммедтің жауырыны арасындағы мөрді көргенде, есінен танып қалады. Есін жиғаннан кейн.

-Енді пайғамбарлық міндеті Исрайыл елінің еншісінен кетті.  Енді пайғамбарлылықтың берекесі арабтарда. Алда сендер ғажап күндерге қауышатындарың сондай, соңғы елшінің даңқы Шығыс пен Батысқа түгел тарайды.

Дәл осыған ұқсас жағдай Мәдинада да орын алады. Ол кезде сегіз жастағы атақты бала ақын Хассан ибн Сабит бұл жағдайды бірнеше жылдан кейін былай сөз етті:"Мен ол кезде жеті сегіздердегі бала болатынмын. Ясриб қамалдарының бірінің үстінде бір яхуди ғалымның былай деп айқайлап тұрғанын көрдім: "Уа, Ясриб халқы! Уа, Ясриб халқы!" аң таң болы, дауыс шыққан жаққа құлағын түре барған жұртшылыққа әлгі кісі қарап тұрып:

-Бүгін дүние есігін ашқан Ахметтің жұлдызы туды,-деген болатын"57

 

57 Қасталани, Мәуахиб, 1\122.

Nurly zhanNurly zhan
2 года назад 1000
2 комментария
О блоге
0
24297 52 91 1777 49