Бала тәрбиесінен кеткен ЕКІНШІ қате
Бала тәрбиесінен кеткен ЕКІНШІ қате

Кейде бір таңғалатыным, үйге қонақ, алыстан бір туысқан, не көрші келіп жатса, бізден «ең керемет», орысша айтқанда «идеальный адам» жоқ. Ең сыпайы, ибалы, мейірімді бола қалатын жайымыз бар. Жәә, үйдің үлкендерін қойшы, мына балалар оған аң таң ғой. Әдетте үйде жүгіріп, секіріп жатса ұрсатын ата ана, осындай кезде мүлде басқа. Әкесі мен анасының бір біріне деген қарым қатынасы да ерекше. Жымиып, сәл ғана қалжындап, сыпайылық танытып жатады. Әлгі қонақтар кетсе, азан қазан, у шу қайтіп басталады. Иә, баршамызға таныс картина. Осы ретте, мұндайдың талайын күнде мұқият бақылап жүрген «кішкентай көрерменіміз», қандай әсер алды деп ойлайсыздар?

«Жүз рет естігеннен гөрі, бір рет көргенің артық» деген бір мәтел бар. Иә, жан жақты тану үшін, бұл әсіресе балаларға ең ыңғайлы, әрі жеңіл бір әдіс. Өткен бөлімде біз балаларға жылы сөз айтудың, көңіл бөлудің  маңыздылығын тілге тиек еткен болатынбыз. Бұдан кейінгісі, тұрмыста біз ұмытпақ түгіл, ойымызға тіптен кіріп шықпай жататын үлкен бір қателіктердің бірі балаға үлгі бола алмау.

Иә, баланың бас ұстазы оның ата анасы. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны істерсің» деп жатамыз. Енді оның түп тамырына бір зер салып, ойланайықшы.  Біз, ата ана, әпке аға болсын, үйде бір бірімізге деген қарым қатынасымыз қандай? Сыпайылық, құрмет танытып жатамыз ба? Әсіресе, әйелдің күйеуіне, ердің әйеліне деген қарым қатынасы бұл жерде үлкен рөлді атқарады. Әйелі күйеуіне бойұсынып, сыйлап, қарсыласпайтын болса, ертеңгі күні қызы да бойжеткенде ерді сыйлап, жолын кеспей, дауыс көтермей,  құрмет танытып жататын болады. Шындығында, мына біз, оны ойлай бермейміз. Әйелі күйеуіне зекіп, сөз қайтарып, немесе үйіне келмей жатып оны тергеп жатса, әйелі күйеуіне қарсы шықты дейміз. Ал тереңірек ой жүгіртсек,  әйел адам бұл жерде әсіресе қызына ер адаммен қалай сөйлесу керектігін көрсетеді.

Немесе, керісінше, күйеуі балаларының көзінше әйеліне дауыс көтеріп,  қол көтеріп жатса, ертеңгі күні ұлы анасына, әпкесіне, жалпы әйел затына сондай қарым қатынаста болмайтынына кім кепіл?!

Әке өзінің әке екендігін, үстемдігін көрсете білуі керек. Анасы баласын әкесімен сәл қорқытып жатса артықтық етпесі анық. Расында, кейде балаға қарап ата анасын танып жатамыз. Өйткені қыз бала үшін оның анасы "идеал", ұл бала үшін "әкесі".

Пайғамбарымыз (с.а.у) бір хадисінде: «Сендердің бәрің де бақташысыңдар, бәрің де өз отарларыңа жауаптысыңдар. Әмірші адамдарға бақташы, ол сол отарына жауапты, ер кісі өз отбасына бақташы, сол отарына жауапты, ал әйел күйеуінің үйіне және баласына бақташы әрі соларға жауапты...» демеп пе еді. 

Бір байқағаным, бала өсе келе ата анасы одан көп нәрсені талап етіп жатады. Мысалға, «жалған сөз айтпа» дейді. Алайда үйде өтірікті көріп өскен балаға деген мұндай қарым қатынасты уақытында тоқтатпаса, ондай талапты қойғаннан пайда болмайды.

Сол себепті, ата ана балалардың алдында өздерінің іс әрекеттеріне, айтып жатқан сөздеріне, жасап жатқан амалдарына мұқият болса, ертеңгі күні алатын жемісі берекелі болары сөзсіз.

Nurly zhanNurly zhan
2 года назад 1177
4 комментария
  • Бала ата ананың айнасы,өзіңді тəрбиелесең бала да солай өседі!
    1 год назад
  • Йə,баламыз қандай қателік жасаса əрдайым кінəні өзімізден іздеу керек.Қай жерде өзіміз шынайы болсақ болғаны бала айтқызбай ақ шыншыл болып өседі!
    1 год назад
  • Қай жерде болсын өзіміз шынайы,адал,парасатты болсақ бала айтқызбай ақ осы қасиеттерді бойына сіңіріп өседі!
    1 год назад
  • Алла разы болсын! Өте жақсы. Енді үшіншісін асыға күтеміз!
    1 год назад
О блоге
0
24297 52 91 1777 49