Құран Кәрім есімдері
Құран Кәрім есімдері

Алла Елшісі Мұхаммедке (с.а.с.) түскен соңғы қасиетті кітаптың «Құран» есімінен басқа де есімдері бар. Алайда «Құран» есімі солардың арасындағы ең көп қолданылған есім. Құранның басқа атаулары Құранда көп берілген. Бұлардың кейбірі есім болса, кейбірі сипаттары. Кейбір ғалымдар Құранның өзге есімдері тоқсанға жуық десе де, Зәркәшидің «әл-Бурхан» кітабында Құранның елу бес есімі бар екендігін айтады. Солардың кейбірімен таныс болыңыздар:

  1.  Әл Китәб – Бұл Құран Кәрімдегі ең алғаш аты аталған есімі. «Міне, осы Кітапта күдік жоқ, тақуалар үшін тура жол көрсетуші»(«Бақара сүресі», 2- аят).  Әль Китәб «кітап» деп аударылады, және де «бір жерде жинау,міндетті ету» деген мағынаны білдіреді. Бұл сөз Құранда 230 мәрте кездеседі: « китабун мунир, китабун мубин, китабун карим, китабуль мухсин, китабун хаким, китабун хафиз, китабан мубаракан»  және т.б.
  2. Әл Фурқан. «Ақиқат пен жалғанды айырушы», «бейбіт» мағынасына саятын бұл сөз Құранда алты мәрте кездеседі. «КүлліәлемгеескертушіболуүшінқұлынаФурқандытүсіргенАллаһТағала асажоғары» («Фурқан» сүресі,1-аят).
  3.  Нур, Мубин. «Нұр» деген мағынаны береді. Құранда 24 жерде  кездеседі.«Расында, сендерге Аллаһтан нұр және «мубин» ашық кітап келді» («Мәида» сүресі,15-аят). Оған қоса «Нұр» деп аталатын толық  бір сүре бар.
  4.  Кәләм «сөз» деген мағынаны білдіреді. «Калямуллах» Алланың сөзі. «Тәубе» сүресінің, 6-аятында: «Егер мүшріктерден біреу сенен пана тілесе, ол Алланың сөзін тыңдағанға дейін оған пана бер, одан соң, оны бейбіт орынға жеткіз».
  5. Һуда-жиі кездесетін есімдерінің бірі. «әл Худа», яғни «хидаят» деген түбірден құралған. Мағынасы: «тура жолды нұсқаушы». Және де «хадия», «сыйлық» деген түбірден шыққан.
  6. Танзиль «түсірілген». Құранда: «Бұл Құран күдіксіз барша әлемнің Раббысының аян етіп түсіргені» («Шұғара» сүресі, 192-аят).
  7. Зикр Құранда 76 жерде кездесетін есім.  Әз Зикр «Еске алу» деген мағынаны береді. Құранда: «Құран саған және сенің қауымына зор мәртебе! Сендер қияметте мұнан сұраласыңдар» делінген («Зухруф» сүресі, 44-аят).

Құранда бұдан басқа да есімдер бар: Рахмәт, Шифа, Уахи, Баян, Хақ, Адл, Бушра, Қасас, Азиз, Хикмәт, Хаблуллаһ, Рух, Муһәймин, Қайим, Бәләғ, Мәжид, Уммул-Китаб т.б.

Құран, эсма, калимуллах, қасиетті құран кәрім
Nurly zhanNurly zhan
2 жыл бұрын 2818
0 пікір
Блог туралы
0
24297 52 91 1777 49