Парыз ба? Әлде...
Парыз ба? Әлде...

Күйеуі үйіне келсе тамақ жоқ, үй жиыстырылмаған, киімдер жуылмаған бір шетте үйіліп жатыр екен...
Әйеліне қарап "Бұл не тірлік?" десе, әйелі: "Фикһ бойынша мен үйді жиыстыруға, киімдерді жууға, үйді сыпыруға тамақ істеуге мәжбүр емес екенмін. Бұл жұмыстар үшін бір қызметші жалдап, соған бұйыру сіздің мойныңызда екен, керек болса, баламды емізу де менің міндетім емес екен. Фикһта мәселе осылай екен" депті.
Күйеуі әйеліне күлімсіреп:
"Дұрыс, бұл істерді істеуге мәжбүр емессін, сондай-ақ Фикһ бойынша мен де бір әйелмен өмір сүруге мәжбүр емеспін, Фикһ бойынша тағы үш әйел алуыма болады" депті.
Сонда әйелі " Әзілді де көтера алмайсыз бааа, әзілдестімгой" деп, дереу тамақ дайындауға кірісіп кетіпті. ("Исламдағы әйел және отбасы ғылымxалы" кітабынан үзінді).

Nurly zhanNurly zhan
2 жыл бұрын 1251
4 пікір
  • Шариғатта "қадаан", "дианатан" деген екі ұғым бар. Бірі құқықтық тұрғысынан, екіншісі адамгершілік, діндарлық тұрғысынан. Сондықтан құқықтық тұрғыдан міндетті болмаса да, адамгершілік, діндарлық тұрғысынан міндетті. Құқықтық тұрғысынан дегені соттасқан жағдайда құқық соның жағында деген сөз.
    2 жыл бұрын
  • Біздің үйдегі бәйбіше бұлай да әзілдеспейді ғой. ))
    2 жыл бұрын
  • Біздің қазақтың қыздары істеген тірлігін міндетсінуді білмейді. Осы әңгімені бұрынырақта оқығанда таң қалған едім.
    2 жыл бұрын
  • Eger kuyeui ayelinen razi bolmay otse , ayelinin ahrettik jagdayi qyin boladi emespa!?!?
    2 жыл бұрын
Блог туралы
0
24297 52 91 1777 49